Жаңалықтар

22 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Мен Сук ханымды қабылдады.
149.jpg

- Жаңа ғана менің Президент Н.Ә.Назарбаевпен достық рәуіштегі кездесуім болып өтті. Біздің әңгімелесуіміз нәтижелі болды. Бұл менің Корея Республикасының Премьер-Министрі ретінде Қазақстанға тұңғыш рет келуім, әрі бұған аса қуаныштымын. Біз екіжақты қарым-қатынастарды экономикалық тұрғыдан дамыту туралы уағдаластық. Атап айтқанда, энергетика және минералдық ресурстар саласында ғана емес, сондай-ақ энергетикалық емес салаларда да ынтымақтастыққа қол жеткізу мәселелері сөз болды. Біз жаңа технологияларды, соның ішінде химиялық кешенді, ақпараттық технологияларды, білім беруді, кадр дайындауды дамыту негізінде біздің екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әртараптандырылуын іске асыруға уағдаластық. Корея Республикасының Президенті Но Му Хен мырза Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты келер жылы Кореяға келіп қайтуға шақырды. Елбасы Н.Назарбаев біздің ұсынысымызды қабыл алды. Біздің елдеріміз мұнан әрі де өркендеуге қол жеткізеді және екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деп үміттенеміз, - деп атап өтті Корея Республикасының Премьер-Министрі журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар