Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық артисі Фарида Шәріпованың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президенттің жеделхатында қазақ сахна өнерінің хас шебері, сирек дарын иесінің ерен еңбегі атап өтілген.

Ф.Шәріпова қайталанбас дарынымен ұлттық мәдениетімізді сапалық деңгейге көтеруге үлкен үлес қосқан сахна саңлақтарының бірі еді. Театр мен кинода сомдаған ондаған айшықты образдары көрерменнің жүрегінен терең орын алып, ұмытылмас әсерге бөлейтін. Таланттылығы мен еңбексүйгіштігі бойындағы азаматтық асыл қасиеттермен шебер үйлесіп тұратын. Өнерге берілгендігі мен шығармашылық шеберлігінің арқасында өзіндік мектебін қалыптастыра білді, ұстаз ретінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп кетті.

Ф.Шәріпованың еңбегі мен өнері қоғам тарапынан әрдайым жоғары бағаланып отырды.

Халқымыз оның еңбегі мен жарқын дидарын ұмытпауы тиіс, - делінген жеделхатта.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар