Жаңалықтар

30 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, Қырғызстан тарапы Президенттің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан бастамасы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

- Президент Н.Ә. Назарбаевпен өткен кездесу өте тиімді болды. Біз әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді, атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық қор секілді екіжақты бизнес-жобаларды жүзеге асыру жайын талқыладық, - деп атап өтті Р.Отынбаева.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар