Жаңалықтар

31 қазан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаоны қабылдады.

Әңгіме барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар көршілес екі ел экономикасының жаһандық қаржы дағдарысы жағдайындағы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.


Президент Қазақстан мен Қытай арасында саяси үнқатысуды дамыту мен өзара тауар айналымын кеңейту жолында еш кедергілердің жоқ екендігін атап көрсетті. Нәтижесінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 6,5 миллиардтан астам долларды құрады, ал осы жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 15 миллиардқа жетуі мүмкін.


- Бұл тәуір өсім әрі маңызды көрсеткіш болып табылады, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.


Әңгіме барысында Вэнь Цзябао Мемлекет басшысына ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның ыстық ықыласы мен үлкен сәлемін жеткізді.


- Сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш және талантты Қазақстан халқы ұлтты қайта түлетуде және нығайтуда бұдан да үлкен табыстарға сөзсіз жететіндігіне біз сенімдіміз, - деп атап өтті ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар