Жаңалықтар

3 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық «Ситик» корпорациясының президенті Кун Даньды қабылдады.

Кездесу барысында Кун Дань Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі компанияның жоспарлары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақстанның шикізаттық емес саласындағы жобаларды инвестициялау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен қор құру жайы әңгіме болды.

 

Қытайлық корпорация өкілдері «Хоргос-Алматы» автомобиль жолы, битум зауыты және құрылыс материалдарын сатумен айналысатын ірі супермаркет құрылыстарына қатысуға ниет білдірді.

 

- Сондай-ақ, біз осында қытай халық медицинасы орталықтарын құруды жоспарлап отырмыз. Осы жобалар арқылы біз «Ситик» корпорациясы Қазақстанның сенімді әріптесі екенін көрсеткіміз келеді, - деді Кун Дань.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар