Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады.

В. Алекперов Президентті «Лукойл» компаниясының Қазақстанның мұнай өңдеу саласында 6 млрд. жуық АҚШ долларын құрайтын инвестициясы туралы хабардар етті.

Биылғы жылы компания Ақтөбе облысындағы ірі газ өңдеу кешенін пайдалануға береді. Сондай-ақ елімізде іске асыру үшін бірқатар индустриалдық-инновациялық жобалар қарастырылуда.

- Қазақстан шетел инвестициясының сенімді қорғалуы қамтамасыз етілген әлемнің аздаған елінің бірі болып табылады. Бұл ­­Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке еңбегінің нәтижесі. Бүгінде ол 20 жыл бойы Қазақстанға тартылған инвестициялардың кепілі болып табылады. Осы 20 жыл ішінде республика қалай құрылғанын, қалалар қалай салынғанын көріңіз. Әрине, бұл Президенттің еңбегі, оның инвестицияны ынталандыру және республиканың салық салу базасын ұлғайту үшін жүргізген саясатының жемісі, - деп атап өтті В. Алекперов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар