Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады.

М.Құл-Мұхаммед Президентті Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз етуге тиісті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Министр сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасының орындалу барысы, атап айтқанда, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді, археологиялық қазбаларды жүргізуді, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы баяндады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар