Жаңалықтар

15 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының жаңа кеңсесін аралап көрді.

Партия кеңсесінің ғимараты Астана қаласындағы «Сулы – жасыл-желекті бульварда» әкімшілік-тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Жалпы аумағы 16 580 шаршы метрді құрайтын он қабатты кеңсе ғимаратында 400 орындық конференц-зал, 160 орындық асхана, қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ парламентаризм институты мен орталық аппараттың барлық департаменттері орналасқан.


Партияның орталық аппараты жаңа ғимаратқа көшірілуде, қазірдің өзінде мұнда қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар