Жаңалықтар

3 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

63.jpg

64.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Елбасы 1-ші қыркүйекте облыстың шалғайдағы аудандарының бірі – Мақтаарал ауданының экономикалық жағдайымен танысып, мақташылармен және облыстағы ауылдық округтердің әкімдерімен кездесті.

 
Кездесуде Елбасы Н.Назарбаев Оңтүстік өңірдің мақталы аймақ екендігіне тоқталып, мақта шикізатын ғана емес, жоғары технологиямен өңдірілген мата, жіп секілді бәсекелі өнімдер шығаруға ұмтылу қажеттігін айтты. Мақта өндірісін дамыту үшін мемлекет қолдау көрсетіп, «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. Сондай-ақ, «Кетебай» өндірістік кооперативінің мақта алқаптарын аралап көрді. Жөндеуден өткен мақта алқаптарын суаруды қамтамасыз ететін насос станциясымен танысты.

 
Сол күні Жетісай қаласының «Жеңіс алаңында» 20 мың аудан тұрғындарымен жүздесті. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар тарихи-мәдени мұражайларды – «Арыстанбаб» мұражай-қорығын, Отырар қалашығын, Қожа Ахмет Ясауи және Бәйдібек ата кесенелерін аралап көрді.

 
Отырар ауданында Мемлекет басшысы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Маяқұм кентінде болды. Мұнда Президент табиғат апатының салдарынан баспанасыз қалған – қазіргі жаңа шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Мемлекет бюджетінен 80-нен астам үй салуға қаражат бөлінген болатын.

 
Сондай-ақ жұмыс сапарының екінші күні Мемлекет басшысы Түркістан қаласында облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері, белгілі жазушылар сөз алды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар