Жаңалықтар

9 маусым 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады.

А.Мырзахметов Президентке дағдарысқа қарсы бағдарламаның облыста жүзеге асырылу барысы және Жолдауда қойылған міндеттердің орындалуы туралы баяндады.


«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1013 орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және 1,5 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр.


Облыс әкімі сондай-ақ Мемлекет басшысын Шардара су қоймасындағы жұмыстардың барысы жөнінде хабардар етті.


- Биыл онда мол су қоры жиналды, өткен жылға қарағанда 1.5 млрд. текшеметрге көп, - деп атап өтті облыс әкімі.


Оңтүстік Қазақстан облысы басшысының айтуынша, аймақ егістік алқаптарды әртараптандыруға кіріскен. Бұрынғы 36 мың гектар мақталық орнына ылғалды аз қажет ететін әрі азық-түліктік тұрғыдан алғанда, экспортқа бағытталған дақылдар егілген.


- Пайдаланылмай жатқан 189 мың гектар жердің 86 мыңы суармалы учаскелер болып табылады. Жол картасына сәйкес биыл біз 46 мың гектар алқапты, ал одан кейінгі жылдары қалған 42 мың гектар жерді айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді Асқар Мырзахметов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар