Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Мерекелік жиынды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев сөз сөйлеп ашты.

 
- 1992 жылғы 7-ші мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бас Қолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің Қарулы Күштерінің қызметіндегі басым бағыттарын белгілеп берді. Онда негізінен аймақтық, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құруға және келісім шарт бойынша әскери қызмет етуге сатылап көшу міндеттеріне баса назар аударылды. Әскери білім беруді жетілдіру мен ғылыми-техникалық дамуға көңіл бөлінді. Жоғарғы бас қолбасшының кез-келген бұйрығын орындауға қабілеттілікті бұдан әрі арттыру – халықтың әл-ауқатын көтеріп, елімізді гүлдендіру мен Армияны жан-жақты қамтамасыз етудегі Елбасының ұдайы қамқорлығына берген жауабымыз болмақ, - деді министр сөйлеген сөзінде.

 
Жиын орталық әскери оркестрдің, орталық ансамбльдің фольклорлық тобының, Қорғаныс министрлігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, сондай-ақ танымал қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар