Жаңалықтар

16 қаңтар 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының аяқталуына байланысты «Қазақстан» спорт сарайында «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруымен өткен жеңімпаздар форумына қатысты.

02

01

Қазақстан Президенті форумға қатысушыларды парламенттік сайлаудағы сенімді жеңіспен құттықтады.

- Бұл біздің ортақ жеңісіміз, барша Қазақстан халқының жеңісі. Дауыс берудің қорытындылары қазақстандықтардың елімізді дамытуға, экономика мен саясатты жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған біздің бағытымызды қолдайтынын білдіреді. Халық қоғамдағы бірлік, өзара түсіністік пен толеранттылық үшін, партияның нақты ісі мен бағдарламасы үшін дауыс берді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Нұр Отан» бәсекелесктік күресте жеңіп шықты. Барлық партияларға үгіт-насихат науқанын жүргізу үшін теңдей мүмкіндіктер жасалды. Халықаралық бақылаушылар сайлауалды науқанның барысына жоғары баға берді.

- Сайлау нәтижесі бойынша жаңа Парламентке үш партия еніп отыр. Бұл алдағы онжылдықта Қазақстанды жаңа жеңістерге жеткізу үшін бізге тың серпін береді, жұмыстың сапасын арттырады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қарағандылық металлургтер атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерқара Аймағамбетов құттықтады. Ол "Нұр Отанның" жеңісі – ол еліміздегі тұрақтылық, бейбітшілік, келісім мен гүлденуі үшін таңдау жасаған көп ұлтты Қазақстан халқының жеңісі екеніне тоқталды.

ҚР Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты Бақытжан Ертаев «Нұр Отан» үшін дауыс бергенін, Қазақстан халқы өздерінің жарқын болашақтары үшін дауыс бергенін айтты. Генерал Ертаев Мемлекет басшысы елімізді тиімді дамытудың кепілі болып табылатынын атап көрсетті.

Өз кезегінде, олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко Президентке осы жылдар ішінде отандық спортқа барынша қолдау көрсеткені үшін рахметін айтты. Ю. Мельниченко қазақстандық атлеттердің барлық жеңістері мен медальдары, көп жағдайда, Мемлекет басшысы мен «Нұр Отан» партиясы жүргізіп отырған жұмыстардың нәтижесі екенін айтты.

Жеңімпаздар форумына 8 мыңнан астам қатысты. Олардың арасында «Нұр Отан» партиясының республикалық және өңірлік қоғамдық штабының мүшелері, волонтерлер, партияның жақтаушылары, Қазақстан эстрадасының артистері болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар