Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

129.jpg

130.jpg

Биылғы жылғы Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына арналған.

 
- Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Президент Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі жеті басымдықты ұсынды.

 
Бұл аса маңызды басымдықтар мыналар болып табылады: біріншіден, Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – еліміз экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі; екіншіден, Қазақстанды жаңарту мен саралау – тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы; үшіншіден, халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат; төртіншіден, осы заманғы білімді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыра беру және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіру; бесіншіден, демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту; алтыншыдан, осы заманғы қаупі мен ығытына лайық бола алатын ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру; жетіншіден, Қазақстанның мүддесін, өңірлік және дүниежүзілік дамудың серпінін ескеретін үйлестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру Жолдауда белгіленген барлық басымдықтарды іске асыру жөнінде Үкіметке нақты тапсырмалар жүктелген.

 
- Береке-бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ.

Біз мұны туған Отанымыздың гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегіміз бен ауыз бірлігіміз арқылы дәлелдедік. Мен сіздерге сенемін. Әрқашанда сіздердің түсініктеріңіз бен қолдауларыңызға үміт артамын. Алдағы уақытта да жаңа әрі ауқымды осы бастамаларды қолдайтындарыңызға нық сенемін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арналған сөзінде.

 

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясының толық мәтінін  қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар