Жаңалықтар

17 тамыз 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағын, атап айтқанда, энергетика және көмірсутектерін тасымалдау салаларындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Каспий өңіріндегі көпжақты өзара іс-қимылды дамыту жайы әңгіме болды.

Қазақстан мен Әзірбайжан басшылары жоғары деңгейдегі, сондай-ақ ресми сапарлар мен бейресми саммиттер аясындағы екіжақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында Мәскеуде өткен келіссөздер кезінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы және Қазақстан Президентінің алдағы қазанда Бакуге жасайтын сапарына әзірлік мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар