Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев «Орнықты даму және жоғары технология» атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысына қатысты.

002

003

Форум Қазақстанның едәуір табысты дамып келе жатқан өңірлері орталығының бірі – Өскемен қаласында өтуде. Облыста жүзден астам Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей Мемлекет басшыларының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекаралық өңірлерінің өкілдерінің қатысуларымен жыл сайын форумдар өткізу қазақстандық-ресейлік өңіраралық және шекарааралық ынтымақтастығының өзгеше сипаты болып табылады. Қазақстан мен Ресей шекаралық аймақтарының басшыларының алғашқы форумы екі елдің Президенттерінің қатысуымен Омбыда 2003 жылы сәуірде, екіншісі – 2005 жылы мамырда Челябіде, үшіншісі – 2006 жылы қазанда Оралда, төртіншісі – 2007 жылы қазанда Новосібірде, бесіншісі – 2008 жылы қыркүйекте Ақтөбеде, алтыншысы – 2009 жылы қыркүйекте Орынборда өтті.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумы Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарырынң аймақаралық ынтымақтастығын жандандыруға, инвестициялық және инновациялық саясат, екі елдің іскерлік және қоғамдық құрылымдарына барынша қолдау көрсету мақсатын көздейді.

Пленарлық отырысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл жолғы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумы жаңа тарихи жағдайда алғаш рет өткізіліп отырғандықтан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Биылғы жылдың 1 шілдесінен Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағы жұмысын бастады, бұл кедендік шекараны толық ашуға, үш елдің бірыңғай кеден кодексін құру мен бірыңғай тарифын белгілеуге мүмкіндіктер берді.

- Бұл біздің елдеріміздің аймақтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға жаңа серпін береді. Сонымен бірге, екіжақты форматта да және барлық еуразиялық континент аясында да интеграциялық жаңа негізгі нүктелерді қалыптастырады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.                            

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 6 айында елдердің арасындағы тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 40 пайыздан артқанын және 8 миллиард долларды құрағанын атап өтті. Бұл қарқынды сақтап тұру үшін алдағы уақыттағы объектіивті экономикалық қауіп-қатерге бірлесіп қарсы тұруымыз қажет. Бірлескен шешімді іздестіру алаңдарының бірі Қазақстан мен Ресей аймақаралық Форумы болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа жағдайындағы алғашқы жоспар өндірістің шикізаттық бағытты еңсеру міндетін атқару екенін атап өтті. Оны шешуге инновациялық экономиканы құру негізінде ғана мүмкін болады. Қазақстан үшін де, Ресей үшін де екіжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі жоғары технология саласын дамыту болып табылады. Өзара іс-қимыл мысалдарының бірі Роснано мен «Қазына Капитал Менеджмент» қатысуымен Ресей-Қазақстан нанотехнологиялық венчурлық қорын құру болып табылады.

Президент өз сөзінде Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы басым салалар мен индустриалдық жобаларды дамытуға қолдау көрсету шараларын анықтағанын атап өтті. Тек биылғы жылы инвестициясы жалпы құны 5 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын 142 жаңа кәсіпорын іске қосылатын болады. VII Форум алаңы технологиялық, ғылыми және білім беру үдерісін үйлестірілген дамуы мәселелеріне Қазақстанда айтарлықтай назар аударылып отырғандығының іс жүзіндегі мысалы болып табылады. Осы міндетті іске асырудың мүлде жаңа әдістемесі ағымдағы жылы жаз айында Қазақстан елордасында Жаңа Университеттің ашылуы болып отыр. Университет жұмысына әлемдік кластағы ең үздік деген университеттердің танымал зертханасы тартылады. Үш негізгі ғылыми орталық - өмір туралы ғылыми орталық, энергетикалық зерттеулер орталығы мен дисциплинараралық инструменталдық орталық құрылуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ресейлік ғылыми орталықтар мен университеттермен әріптестік қарым-қатынастарды орнықтыруды ұсынды.

- Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз көптеген бағыттар бойынша технологиялық серпілістерге қол жеткізе алатын боламыз. Әлбетте, Қазақстан мен Ресей үшін де агроөнеркәсіп кешені, химия өнеркәсібі мен тиімді минералдық ресурстарды өндіру тәрізді салалардағы технологияны дамыту маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.        

Президент келешек ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында жаңа технологияны пайдалануға ерекше назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін жоғары технологияны пайдалану жөніндегі бірқатар нақты ұсыныстарды енгізді. Атап айтқанда, техногендік және табиғат апаттардан қорғанудың бірыңғай жүйесін құру, су ресурстары саласы, энерготиімділікті арттыру, техникалық стандартарды арттыру, тұрғын үй-коммуналдық саласындағы ынтымақтастықты күшейту жөнінде ұсыныстар білдірілді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты кең ауқымды өзара іс-қимыл мен деңгейді ескере отырып, екі елдің аймақаралық қауымдастығын құру туралы мәселені әзірлеуді ұсынды. Пленарлық отырысқа қатысушылар алдында сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев сөз сөйледі. Ресей мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ірі көлемдегі өртті жоюға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының басым бағыттары туралы айтты.

Форум жұмысына екі елдің министрлері мен аймақтардың басшыларын, ірі өндірістік кәсіпорындар мен қаржылық құрылымдардың жетекшілерін, ғылым мен технология саласындағы қайраткерлерді, шетелдік, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда, 800-ден астам адам қатысты. Форумның өткізілуі Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасындағы тығыз іскерлік қатынастарды орнықтыруға, әлемдік ресурсжинақтау және технологиятануды қолдануды ескере отырып өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында экологиялық саясатты қалыптастыруға, экономикалық өсім, экономикалық бәсекеге қабілеттілікті, халықтың әлеуметтік ахуалын қамтамасыз ету жөніндегі билік пен бинестің сындарлы өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар