Жаңалықтар

10 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы Сеймінің Төрағасы Бронислав Комаровскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда Қазақстан Президенті Польша Президенті Лех Качыньскийдің, оның жұбайының, сонымен қатар, бірге болған адамдардың ұшақ апатынан қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен естідім деп атап өтілген.

«Осындай ауыр сәтте, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан достас поляк халқына азалы қөңіл айтып, қайғыларыңызга ортақ екендігімізді білдіремін», - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар