Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Ө.Шөкеев Президентті Қазақстанның үкіметтік делегациясының АҚШ-қа сапарларының қорытындылары туралы хабардар етті. Онда Қазақстанның ДСҰ-на кіруі туралы мәселе бойынша келіссөздер жүргізілген.

- Келіссөздер үш бағытта: тауарлар тобы, сауда қызметі жөнінде және жүйелі мәселелер бойынша жүргізілуде. Сауда тауарлары жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын – тек техникалық жұмыстар қалды. Сауда қызметі жөнінде – біз бүгінгі күні қалыптасқан бірнеше проблемалық мәселелерді шешудің жолдарын белгіледік. Ал жүйелі мәселелерге қатысты айтсақ, біз үшін ең маңызды мәселе қазақстандықтарды қамту екіжақты келіссөздер аясына енгізілді және көп жақты форматқа ауыстырылды. Бұл біз үшін ірі жетістік болып табылады, - деді журналистерге арналған брифингте Ө.Шөкеев.

Кездесу барысында сондай-ақ ішкі рыноктағы азық-түліктің тұрақтылығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы сөз болды.

- Біз жыл бойына азық-түліктің негізгі түрлері бойынша бағаның тұрақты болуы үшін бірқатар қосымша шараларды әзірледік. Бұл шаралар Мемлекет басшысынан қолдау тапты, - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар