Жаңалықтар

17 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Астрахань облысының губернаторы А.Жилкинмен кездесті.

Кездесу барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, «Атырау-Астрахань» автожолын кеңейту, жағадағы инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық іс-қимыл туралы сөз болды.

***

Мемлекет басшысы Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған «ҚазТурбоРемонт» ЖШС газқұбырлары жабдықтарына сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін жаңа зауыттың жұмысымен танысты.

Жоба машина жасау саласын дамыту мақсатында іске асырылуда. Ең жаңа еуропалық жабдықтар қолданылатын заманауи өндіріске негізделген зауытқа Орталық Азияда балама жоқ.

Зауыт станок жасау, сондай-ақ ірі габаритті жабдықтарды құрастыру үшін арнайы техника мен құралдар жасау саласындағы жетекші әлемдік өндірушілердің бірегей заманауи станоктар паркімен жарақтандырылған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар