Жаңалықтар

9 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенконы қабылдады.

Кездесу кезінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы ресми сапары барысындағы келіссөздерде әңгіме өзегі болатын екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.


- Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына әзірлік аясында бүгін энергетикаға қатысты мәселелер талқыланды. Бұл саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей үшін өзекті болып табылады. Осыған орай энергетикалық ынтымақтастық әрқашанда біздің екіжақты қатынастарымызда маңызды мәселе болмақ. Соңғы кезде тек энергетика саласында ғана емес, өнеркәсіп саласында да ынтымақтастықтың кеңейіп отырғаны қуантады. Қазақстанда жүк техникаларын, ауыл шаруашылығы комбайндарын шығаратын кәсіпорындар құрылуда. Бұл біздің қатынастарымыздың перспективалық бағыты ретінде Президенттеріміздің екіжақты келіссөздерінің жемісі, - деді В.Христенко журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар