Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда Қазақстанда Владикавказдағы лаңкестік әрекет салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп атап өтілген.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың отбасыларына, туғандары мен жақын туыстарына қатты қайғырып көңіл айтамын», - делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар