Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Екі елдің басшылары іс жүзінде қызметі 2012 жылы басталатын Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің негізін құрайтын құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыстардың барысын талқылады.

БЭК-ті қалыптастыру мәселелерін келісу және тиісті шешімдер қабылдау мақсатында Қазаақстан, Беларусь және Ресей Президенттерінің кездесуін ағымдағы жылдың қараша айында өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар