Жаңалықтар

10 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сыртқыэкономбанкінің төрағасы Владимир Дмитриевті қабылдады.
113.jpg

Сыртқыэкономбанкі ішкі мемлекеттік қарыздарға, ішкі қаржылық активтерге есеп жүргізеді және қызмет етеді, сондай-ақ құнды қағаздарға инвестиция салу бойынша елде екінші орынға ие. Сонымен қатар 2003 жылы банкке ресейліктердің зейнетақы жинақтарын басқару міндеті жүктелген.

 
Кездесуде Қазақстанның одан әрі инвестициялық даму мүддесі үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру, шетелдік қорларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.

 
Мені Қазақстанда реформалар жүргізу барысында көрсетілген білім тереңдігі, табандылық пен дәйектілік таң қалдырды. Мен Президентке осы елге бағытталған ресейлік бизнесті белсене қолдау туралы біздің ниетімізді жеткіздім. Қазақстан Президенті атап өткен негізгі бағыттар – энергетика, көлік инфрақұрылымы және тұрғын үй құрылысы секілді салаларды ресейлік капитал мен ресейлік бизнестің белсенді қатысуымен жүзеге асыру мүмкіндігі мол, - деді В.Дмитриев журналистерге арналған брифингте.

 

Сондай-ақ Сыртқыэкономбанкінің төрағасы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберінде банктер одағын құру мүмкіндігі туралы атап өтті.

 
Бізде Қазақстанның Даму Банкімен арада жақсы серіктестік қатынас орныққан. Біз бұл қаржы институты Қытай Мемлекеттік банкінің қатысуымен өте байсалды жұмыс істеп, нақты жобаларды жүзеге асырып отырғанын білеміз. Біздер ШЫҰ шеңберіндегі банкаралық өзара ықпалдастық контексі үшжақтық ынтымақтастық аясында бірлескен жағымды жобаларды жүзеге асыра аламыз, - деп атап көрсетті В.Дмитриев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар