Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Румынияның сыртқы істер министрі Адриан Чороянуды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, көлік, энергетика, сондай-ақ өзара сауда-саттық салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.


- Румыния Қазақстанды Орталық-Азия өңірінің көшбасшысы ретінде қарастырады. Біз Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету өтінішін қолдаймыз. Осы Ұйымға 2001 жылы төрағалық еткен біздің еліміз Қазақстанмен сол кезде жинаған тәжірибесімен бөлісуге әзір, - деді А.Чорояну журналистерге арналған брифингте.


Министр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылдың қараша айында Румынияға жасайтын сапары екі елдің ынтымақтастығына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар