Жаңалықтар

13 мамыр 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлерін қабылдады.
03

Кездесуге Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечи, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары  Бақтияр Исламов, ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Ермекбаев пен  ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры Жеңісбек Жұманбеков қатысты.

Тараптар алдағы уақытта Астана өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық саммитін өткізу мәселелерін талқылады.

- Біз әріптестерімізбен бірге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдау өткізгеніне қуаныштымыз. Біздің ойымызша, алдағы мерейтойлық Саммит ШЫҰ дамуындағы маңызды кезең және біздің ұйымымыздың дамуында маңызды байланыстырушы буын болады. Осы Саммиттің өтуі үшін Қазақстан тарапы үлкен және жемісті жұмыс атқарды. Мен алдағы саммит біздің ортақ ұйымымыздың жарқын болашағы мен өмір сүру қабілеттілігін жан-жақты көрсетеді деп сенемін. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның алдағы онжылдық дамуында ШЫҰ аясында қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті. Барлық министрлер Президент  идеясымен келісті. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао ШЫҰ Саммитіне қатысуын, сондай-ақ Президент Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын аса қуанышпен күтуде, - деді журналистермен болған брифинг барысында ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар