Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 мамыр 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық отырысының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Т.Мировты қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ ЕҚДБ-нің Астанада өтетін отырысының күн тәртібін талқылады.

***

Мемлекет басшысы «Эни» корпорациясының бас атқарушы директоры Паоло Скаронимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық және компанияның Қазақстандағы жобаларды іске асырудағы бірқатар мәселелер талқыланды.

- Президент мырзамен кездесу кезінде біз «Қашағанды» қоса алғандағы, өте жақсы прогресс байқалатын барлық жобалар бойынша прогресс барын талқыладық. Бұл жоба бойынша алғашқы мұнай шамамен 2012 жылғы желтоқсанда, немесе екі-үш айдан кейін күтілуде. Біз сондай-ақ «Қарашығанақ» жобасын талқыладық. Біздің компания жобаға алғашқы кезден қатысты. Ол өте жақсы дамуда. Газ өңдеуді ұлғайту үшін кен орындарына одан әрі зерттемелер жүргізу күтілуде. Біз «Эни» мен ҚМГ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің қазіргі мәртебесін талқыладық. Келісімде мұнайөңдеу, газөңдеу, сондай-ақ Каспий теңізіндегі құрылыс жобалары тәрізді бірнеше бағыт қарастырылады. Президент бізді барлық бағыт бойынша қолдады. Өз тарапымнан мен Нұрсұлтан Назарбаевты біздің ынтымақтастығымыздың одан әрі дамуына мүмкіндік беретін президенттік сайлаудағы табысты жеңісімен құттықтадым. Кеңестің бүгінгі пленарлық отырысында біз Қазақстанды индустриаландыру және жаңарту тақырыбын талқыладық. Соңғы жылдары үлкен жұмыстар атқарылды, алайда алда әлі де көп істер бар. Бәрі де Қазақстанның дұрыс жолда келе жатқанын түсінеді, және ел бойынша өте үлкен прогресс байқалуда. Бүгінгі кеңеске қатысқан барлық әріптестер Қазақстанды индустриаландыру және жаңғыртуға қатысуға өздерінің әзір екендіктерін және өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін қуаттады, - деді П.Скарони журналистерге арналған брифинг барысында.

 

***

Нұрсұлтан Назарбаев «ТелиаСонера» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Ларс Нибергпен кездесті.

Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

- Біз ұялы байланыстың орнын толтыру және мәліметтер беру жылдамдығын одан әрі арттыру мәселелерін талқыладық. Біз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейміз және жақсы нәтижелерге жеттік. Біз осында қалыптасқан бизнес ортадағы сенімділікті шын мәнінде бастан өткердік. Қазақстанда инвестициялық бағдарламаны жалғастыру үшін бізде көптеген перспективалар бар деп білемін, - деді Л.Ниберг журналистерге арналған брифинг кезінде.

***

Мемлекет басшысы «Метро Кэш энд Кэрри» компаниясының басқарма төрағасы Франц Мюллерді қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

- Метро Групп Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Біз елде 5 қойма-дүкен тұрғыздық. Бүгін біз оларды ұлғайту жөніндегі жоспарымызды, сондай-ақ қазақстандық жұмыспен қамту бойынша шетелдік инвестор ретіндегі мүмкіндіктерімізді талқыладық. Елдің дамуы үшін индустриаландыру жөніндегі Президенттің бастамасы өте маңызды екені шүбәсіз. Қазақстан үшін жергілікті деңгейде ғана емес және халықаралық деңгейде де елдің айтарлықтай бәсекеге қабілеттілігі маңызды болуы тиіс. Сондай-ақ, индустриаландыру барлық процестермен, инфрақұрылымды, білікті жұмыс күшін жақсартуға қатысты болмақ, - деді Ф.Мюллер журналистерге арналған брифингте.

***

Президент «Ресей Сбербанкі» ААҚ-ның басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы кезінде қозғалған мәселелер талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар