Жаңалықтар

22 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиден қайтар жолда «Хабар», «Қазақстан», «31 арна» телеарналары мен «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің журналистеріне сұхбат берді.
8.jpg

— Ресейге бұл жолғы сапар бірнеше себептер бойынша өте маңызды, өнімді және серпінді секірісті болғанына мен сенімдімін, деді Мемлекет басшысы. Біріншіден, біз ресейлік аумақ арқылы өтетін  жүктеріміз үшін тарифтер жөніндегі ауқымды да ұзақ әңгімені аяқтадық. Бұрын біздің теміржолшылар үшін тарифтік ставкалар Қазақстандағыға қарағанда екі-үш есе көп болды. Біздің көлік министрліктері бүгін қол жеткізген уағдаластық іс жүзінде бұл тарифтерді теңестірді, мұның өзі әсіресе көмір, астық, кен және металдар секілді жүктер үшін маңызды. Бұл біздің компаниялар үшін жағымды жаңалық — жаңа тарифтер олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және пайдаларын ұлғайтуға жәрдемдеседі. Бұл өте үлкен және маңызды жетістік деп ойлаймын.

Сұхбаттың толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар