Жаңалықтар

22 қазан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында болып, оның құрылысымен танысты.
big-01Eg.jpg

Тәуелсіздік сарайы «Қазақ елі» монументі және «Шабыт» шығармашылық сарайымен қатар бірыңғай сәулет құрылыс кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.


Құрылысы аяқталуға жақын жаңа ғимараттың үш қабатында 4200 орындық көп салалы үлкен зал, мәжіліс залдары, салтанатты кештер мен баспасөз мәслихаттарын өткізуге арналған залдар орналасқан. Жобаның жалпы құны 12 миллиардтан астам теңгені құрайды.


Тәуелсіздік сарайы пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстанның жас елордасының маңызды мәдени-танымдық орталығына айналуға тиіс.


Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс нарығын қолдау және экономиканы тұрақтандыру үшін Үкімет құрылыс компанияларына қаржылық көмек көрсетіп отыр. Осы мақсатта Астана қаласына 107 миллиард теңге қаржы бөлінді.


Биылғы жылы Астанада тағы да бірқатар жаңа нысандар пайдалануға беріледі. Олардың қатарында «Green Village» элиталық тұрғын үй кешені бар. Сондай-ақ таяуда құрамында сауда орындары мен тұрақтары бар «Капитал» әкімшілік-тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар