Жаңалықтар

3 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президенттің мұражайында Астананың бір топ тұрғындарына жаңа пәтер кілтін табыс етті.

Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы еуразиялық мегаполис ретінде Астананың даму қарқыны осы ғажайып қаланы көргендердің баршасын таң қалдыратынын атап өтті. Бұл іске елорда тұрғындарының сіңірген еңбегі зор.

 

- Мен өзімнің Қазақстан халқына Жолдауымда дағдарысқа қарсы бағдарламаларда тұтастай алғанда, елдегі құрылысты жалғастыру және жеке алғанда, тұрғын үй құрылысы туралы мәселені бірінші кезекке қоятынымыз жайлы айттым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Жыл басынан бері Астанада 500 отбасы жаңа пәтер алды, ал Елорда күніне орай тағы 300 астаналық отбасы қоныс тойын тойламақ.

 

Елорда күні қарсаңында жаңа пәтерлі болғандардың ішінде мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау және спорт қайраткерлері, тұрғын үйге мұқтаж отбасылар бар.

 

- Сіздердің ерен еңбектеріңіз елорданы және бүкіл елді дамыту ісіне маңызды үлес қосуда. Бір жағынан, материалдық қамтамасыз ету маңызды болғанымен, екінші жағынан – бұл рухани қолдау екені сөзсіз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде.

 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовті «Астана қаласының құрметті азаматы» атағына ие болуымен құттықтады.

 

Мемлекет басшысы жиналған қауымды Астана күнімен құттықтап, бақыт, денсаулық және мол табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар