Жаңалықтар

8 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Ұлы халықтық мәжілісінің (Парламенті) төрағасы Мехмет Али Шахинді қабылдады.
02

Әңгімелесу барысында экономика, сауда, саяси өзара іс-қимыл, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайту салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелер талқыланды.

Кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте Мехмект Али Шахин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді.

- Осы беделді Ұйымға төрағалығы және Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы шешімі – Қазақстанның өзінің Тәуелсіздігі жылдарында неге қол жеткізгенінің жарқын белгісі, - деп атап өтті Түркияның Ұлы халықтық мәжілісінің төрағасы.

М.Шахин сондай-ақ 2011 жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болатынынын, түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің бірінші отырысын және түркі тілдес мемлекеттер Ассамблеясының парламентаралық екінші отырысын өткізетінін атап өтті. Осылайша, Қазақстан және оның Астанасы 2011 жылы әлемдік маңызы бар оқиғалардың орталығына айналатын болады.

- Әрине, осының барлығына Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізді, - деп атап өтті М.Шахин.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар