Жаңалықтар

13 ақпан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Ашғабадқа келді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Ашғабадқа келді.


Қазақстан Президенті Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмоновпен кездесті. Кездесу кезінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары 2006 жылы 315 млн. долларды құраған екіжақты тауар айналымының өсу қарқынын атап өтті. Инвестициялық және қаржы салаларындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Кездесуде ағымдағы жылы Астанада екі ел кәсіпкерлерінің форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Эмомали Рахмонов қазақстандық іскер топ өкілдерін белсенді инвестициялық ынтымақтастыққа шақырды. Кездесу барысында сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Кездесу тәжік тарапының өтініші бойынша өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар