Жаңалықтар

15 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түркиялық “Окан Холдинг” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бекир Оканды қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанда аталған компанияның қатысуымен іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар талқыланды.

-Биылғы жылы біздің компанияның Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатқанына 15 жыл толады. Қазіргі уақытта “Окан Холдинг” Астана, Алматы, Петропавл қалаларында тұрғын үй, офистік және сауда кешендерін, қонақ үйлер құрылыстарын жүргізуде,- деді Б.Окан журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар