Жаңалықтар

4 маусым 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г.Марченко Президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы баяндады. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлттық Банктің инфляциялық үдерістер мен валюта айырбастау бағамы саясатына бақылау жүргізу қызметі жөнінде хабардар етті.


Соңғы 12 айда инфляция деңгейі 8,5 пайызға төмендеді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда, 2,5 есеге төмен. Тұтастай алғанда, Г.Марченко атап өткендей, оң үрдістер орнықты жалғасып отыр.


Мемлекет басшысы теңге девальвациясы туралы шешім уақытылы қабылданғанын және дұрыс шара болғанын атап өтті.


- Президент халықтың қаражатын мобилизациялауды, банк секторына деген сенімді қайтаруды біздің қандай жолмен жүргізетінімізге, сондай-ақ индустрияландырудың жаңа бағдарламасын қаржыландыру бойынша алда тұрған міндеттерге көңіл бөлуді тапсырды, - деді ҚР Ұлттық Банкінің басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар