Жаңалықтар

31 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ВСР Ұлттық жиналысының Төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесті.

Въетнамның жоғары өкілетті органының басшысымен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті парламентаралық өзара іс-қимыл мемлекетаралық байланыстарды дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

- Делегациялар алмасу және парламентаралық ынтымақтастық тобын құру Қазақстан Парламенті мен Въетнам Ұлттық жиналысының арасындағы байланыстарды тереңдетуге қызмет етеді, - деді Мемлекет басшысы.

Нгуен Шинь Хунг атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары қазақстан-въетнам серіктестігінің жаңа беттерін ашады.

- Біз мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытып, білім саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруымыз керек. Сонымен бірге халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайтуымыз қажет, - деді ВСР Ұлттық жиналысының Төрағасы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар