Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдады.

- Барша қазақстандықтар мен жеке өзімнің атымнан Сізді және Ресей халқын Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуымен құттықтаймын!

Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары барша адамзат үшін айтулы оқиға болды. Ол біздің техника мен ғылымның үлкен жетістігі, барлық туысқан халықтардың ұжымдық күш-жігері мен еңбекқорлығының нәтижесі.

Адамзаттың ғарыштық сапары қазақстандық Байқоңырдан басталды. Содан бері жүз жылдың жартысынан астам уақыт Байқоңырдан ғарыш кемелері мен құрылғылары ұшырылып келеді. Миссиясын аяқтаған ғарышкерлерді біздің жеріміз құшақ жая қарсы алуда.

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанына қуаныштымын. Біздің жемісті қарым-қатынастарымыз бздің мемлекеттер мен халықтардың, барша адамзаттың игілігі үшін жалғасын тауып, дами беретініне сенімдімін, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар