Жаңалықтар

4 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәскеудің Чистопрудный гүлзарында орын тепкен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашу салтанатына қатысты
217.jpg

- Осы айтулы оқиғаның нақ осы жерде, яғни Абай Құнанбаев шынайы ниеттесі болған Ресей астанасының орталығында өтуінің де өзіндік мәні бар. Абай алғашқы болып Пушкиннің біртуар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның шығармашылығының арқасында Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллердің және басқа да еуропалық мәдениеттің көптеген көрнекті өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйледі. Ендігі жерде Мәскеуде Абай ескерткішінің болуы – бұл өткенге құрмет көрсету ғана емес, ең әуелі – Қазақстан мен Ресейді бір-бірімен байланыстыратын түгесілмес тарихи табыстар мен сәулелі үміттердің нышаны болып табылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев ашылу салтанатында.

 
Салтанат соңында екі мемлекет басшылары Абай ескерткішіне гүл қойды.

 
Абай Құнанбаев ескерткіші Қазақстан Республикасының Мәскеу қаласына тартқан сыйы болып табылады. Ескерткішті орнату жөніндегі шешім Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы 17-19 қаңтарда Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында қазақ диаспорасы өкілдерімен өткен кездесуде қабылданған болатын. Ескерткіш қазақстандық мүсінші М.Айкенов пен дизайнер Т.Сүлейменовтың жобасы негізінде бір топ мүсіншілер мен сәулетшілердің күшімен жасалынды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар