Жаңалықтар

13 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Жоғарғы Сот Төрағасы Президентке республикамыздағы сот-құқықтық реформаның барысы туралы хабарлады.

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру жөніндегі бірқатар ірі ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, істің соттылығы мен қадағалау орындарын қысқартуға қатысты едәуір өзгерістерді қарастыратын заң қабылданды. Парламентте атқарушылық өндірісін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралуда. Инвестициялық даулар, сондай-ақ азаматтық соттарды қарастыру жөніндегі сот органын құру және оның қызметіндегі функциялық қағидаттарының тұжырымдамасы айқындалды.

“Сот жүйесі және Қазақстан Республикасы соттарының мәртебесі туралы” Конституциялық Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған заңда судьялардың кәсіби сапасына деген талапты күшейтуі, істі сотқа жібергенде заңдылықты сақтау жөніндегі жауапкершілікті арттыруы, сот этикасының нормалары мен ережелерін қатаң сақтауы жөніндегі тұтастай шаралар енгізілген.

Соның ішінде, қазіргі судьялардың кәсіби жарамдылығына тұрақты түрде баға беретін Жоғарғы Сот жанынан жаңа институт - Сот алқасын құру қарастырылуда. Оның шешімі судьяларды өз қызметінен босатудың сөзсіз негізі болып табылмақ. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Өңірлік Қаржы Орталығында арнайы инвестициялық сот құру мәселесі қарастырылуда, - деді Қ.Мәми журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар