Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Польша Республикасының Президенті Бронислав Комаровский құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Қазақстан  Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен    құттықтауға  рұқсат етіңіз.

Польша   Қазақстан  Республикасының   соңғы жылдардағы  жан-жақты  дамуын  айрықша   ықыласпен  бақылап   отыр    және  былтыр ЕҚЫҰ-дағы төрағалықпен  мазмұндалған Сіздің еліңіздің   халықаралық   сахнадағы  өсіп отырған   белсенділігін  қанағаттанарлықпен атап   көрсетеді.

Біздің екіжақты  қарым-қатынастарымыздың  қарқыны  арта түседі деген  үміттеміз.

Польша Республикасының Президенті

Бронислав Комаровский

Варшава, 2011 жылғы 6 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар