Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза!

Финляндия мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Біз болашақта да ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз деп үміттенемін. Сондай-ақ сізге Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде қабылданған декларация рухында алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспін.

Қазақстан Республикасының Президенті қызметінде Сізге үлкен жетістіктер тілеймін.

Финляндия Республикасының Президенті

Тарья Халонен

 

Хельсинки, 2011 жылғы 7 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар