Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Хорватия Республикасының Президенті Иво Йосипович сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Сіздің достас Қазақтан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай бүкіл Хорватия Республикасы азаматтарының атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтағым келеді. Осы жауапты қызметте еліңіз бен барлық азаматтардың жақсы өмір сүруі үшін ортақ ілгерілеушілікке жетудегі Сіздің жұмысыңызға барынша жетістіктер тілеймін.

Мен болашақта да біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты ойдағыдай жалғастыра аламыз деп үміттенемін және соған сенемін. Меніңше, Хорватия мен Қазақстан арасындағы перспективалық ынтымақтастық қарым-қатынастарымыздың тереңдете түсуі үшін оны қосымша мазмұнды бастамалармен толықтырып, жаңа саяси серпін беруге міндеттейді.

Хорватия Республикасының Президенті

Иво Йосипович


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар