Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Иордания Хашимит Королдігінің Королі Абдалла ІІ ибн әл -Хусейн сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сізді шын жүрегімнен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Біз болашақта бауырлас халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты дамытып, екі елдің ортақ мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген талпынысымызды қуаттаймыз.

Иордания Хашимит Королдігінің Королі

Абдалла ІІ ибн әл- Хусейн


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар