Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры Чынар Алдемир құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Біз Сіздің айрықша жеңісіңізге байланысты қуанышыңызды толықтай бөлісеміз, өйткені Сіздер АӨСШК-нің мүшесі болып табыласыздар.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіз 1992 жылы 5 қазанда негізін қалаған, көреген және дана қағидаттар, бүгінде, жиырма жылдан кейін шындыққа айналды, ал Кеңестің өзі нақты мазмұнмен толыға түсіп, шын мәнісінде халықаралық беделге ие болды.

АӨСШК-не мүше-мемлекеттердің қатары артып, бүгінде 24 елге жетті, АӨСШК құру туралы Сіздің бастамаңыз дер кезінде айтылған және өміршеңдігін танытқан, сенімнің индикаторы болып табылады.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры

Чынар Алдемир


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар