Жаңалықтар

7 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы Сіздің сенімді жеңісіңізге байланысты шын ниетті әрі ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыз.

Халықтың Сізге көрсеткен сенімі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған Сіздің жүргізіп отырған бағытыңыздың дұрыстығының айқын көрінісі болып табылады. Біздің еліміз әрдайым Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және одақтасы болды және бола бермек.

Беларусь Республикасының Президенті

Александр Лукашенко


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар