Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Дюрао Баррозу құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Менің Сізді Қазақстан Республикасының Президетіне қайта сайлануыңызбен құттықтағым келеді.

Еуропалық Комиссия ЕО-пен Сіздің еліңіздің қарым-қатынастарын жалғастыруды және кеңейтуді асыға күтеді. Біз елде жалғасып жатқан экономикалық және саяси реформалардың аясында одан кейінгі ынтымақтастыққа да дайынбыз.

Еуропалық Комиссияның Президенті

Жозе Мануэль Дюрао Баррозу


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар