Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Грек Республикасының Премьер-Министрі Георгиос Папандреу құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті  Президент мырза,

Грек Үкіметінің және жеке  өзімнің атымнан  Сізге, Қазақстан   Республикасының Президенті  болып  қайта сайлануыңызға орай,   шынайы  құттықтауымды жеткізгім келеді.

Сіздің  осы  қызметтегі  жаңа мерзіміңізде,     елдеріміздің арасындағы  ынтымақтастықты   тереңдету  мақсатында      бірге тығыз  жұмыс істеу мүмкіндігіне ие  боламыз деген сенімдемін. Грек Республикасы мен  Қазақстанның арасындағы   тамаша қарым-қатынастардың   халықтар   игілігі  үшін  нығая  түсетіндігіне сенемін.

Грек Республикасының Премьер-Министрі

Георгиос Папандреу


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар