Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ирак Республикасының Президенті Джаляль Талабани құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Сайлау қорытындысы Сіздің басшылығыңызбен елдегі қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктерге Қазақстан халқының берген жоғары бағасы деп есептейміз.

Біз халықтарымыздың ізгілігі мен мүддесі үшін екі ел арасындағы мәдени, экономикалық және саяси салалардағы қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екендігімізді қуаттағымыз келеді.

Ирак Республикасының Президенті

Джаляль Талабани


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар