Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардари құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртелебі,

Сіздің көшбасшылығыңызбен Қазақстан биік белестерге жетті. Сіздің жеңісіңіз – бұл Сіздің басшылығындағы елдің, Қазақстан халқының зор сенімінің көрінісі.

Пәкістан Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Мен біздің елдеріміз арасындағы достықтың дәнекері одан әрі тек нығая түсетініне сенемін.

Пәкістан Ислам Республикасының Президенті

Асиф Әли Зардари


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар