Жаңалықтар

14 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен және ұлықтау рәсімінің өтуімен Белгиялықтар Королі Альберт II құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті ретідегі мандатқа қайта ие болуыңызға арналған ұлықтау рәсімінің өтуіне байланысты құттықтауымды, сондай-ақ Өз өкілеттігіңізді іске асыруда ең игі тілегімді білдіргім келеді.

Барлық қазақстандықтарға шын көңіліммен бейбітшілік, келісім және игілік тілеймін.

Белгиялықтар Королі

Альберт II


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар