Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Мен Сізге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтау жолдауға қуаныштымын.

Мен Сізге реформалау және қайта жаңғырту жобаларының ең жақсы жолмен жүзеге асырылуын тілеймін. Мен сондай-ақ Сізге Қазақстаннан тыс аумақта да тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.

Австрия Республикасының Федералды Президенті

Хайнц Фишер

Вена, 2011 жылғы 6 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар