Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Болгария Республикасының Президенті Георги Пырванов құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сіздің айырықша жеңіспен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай менің шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алуыңызды өтінемін, Сізге денсаулық, сәттілік пен Сіздің жауапты қызметіңізде жаңа жетістіктер тілеймін.

Әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті мүдде еткен екі ел халқының игілігіне Болгария Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуі үшін біздің арамызда орнаған жақсы байланыс пен достық, сонымен қатар бірлескен қызмет болашақта да маңызды болады деген сенімімді жеткізгім келеді.

Болгария Республикасының Президенті

Георги Пырванов

 

София, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар