Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза!

Сіздің Президент қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты, Жоғары Мәртебелі Сізге өз елін саяси және экономикалық реформалар жолымен алып келе жатқан басшы ретінде Сізге көрсетілген Қазақстан халқының сенім білдіруіне байланысты менің шынайы құттықтауымды жолдағым келеді. Жоғары Мәртебелі Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіз Өзіңізге Қазақстан халқының келешекте әлеуметтік-экономикалық даму мен гүлдену, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің биік болуына деген ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндіктер беретініне сенемін.

Қазақстан Республикасы мен Ислам Конференциясы Ұйымы арасындағы қарым-қатынастардың дамуы тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, менің Сізге өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі дами береді деген ниетім мен сенімімді білдіргім келеді.

Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы

Экмеледдин Ихсаноглу


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар